Басты бет / Жоба туралы

Жоба туралы

АР19680242 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ АЯСЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ  КОЛЛАБОРАТИВТІ ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ» ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ

Жобаның мақсатыжаңа жағдайдағы Қазақстанда инновациялық  ғылыми-зерттеулер  жасай алатын, цифрлы-креативті  құзыреттіліктері  қалыптасқан, жаһандық бәсекеге қабілетті болашақ педагогтерді дайындау үшін педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында қазақстандық жоғары оқу орындарының  өзара ықпалдастығы  негізінде  коллаборативті цифрлы білім беру ортасын қалыптастыру моделін әзірлеу.

Жоба идеясы шешуді көздейтін мәселелер: білім алушылардың, педагогтердің ақпараттық-коммуникативті технологиялар саласындағы білімдері мен дағдыларының жеткіліксіз деңгейі;  білім беруде сыни ойлау, шығармашылық ізденіс, цифрлы дағды, құзыреттіліктерді қалыптастырудағы әдістеменің тапшылығы, педагогтердің  коллаборативті зерттеулерінің аздығы;  жаңа үлгідегі білім беру мекемелерін – «цифрлы университеттерді», «цифрлы мектептерді» білім беру процесінде жаңа үлгідегі оқытушылармен – «цифрлы педагогтермен» қамту қажеттілігі.

Жүргізілетін ғылыми-зерттеу нәтижелерін өлшеу, анықтау, тіркеу үшін  зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері пайдаланылады: абстракциялау, модельдеу, хронометраждық бақылау, педагогикалық  жағдаяттарды талдау және синтездеу,   әңгімелесу және сұхбаттасу, педагогикалық құжаттарды талдау және іс-әрекет нәтижесін бағалау, педагогикалық тәжірибиені жалпылау, сауалнама, тест,  онлайн-тест, педагогикалық  эксперимент,  индукция, дедукция, педагогикалық талдау,  SWOT-талдау және т.б. әдістер  пайдаланылады.

Күтілетін нәтижелер:

1) ЖОО-ның педагогикалық білім беру әлуетін күшейту үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті арасында коллаборативті педагогикалық консорциум құрылады;

2) ҚР-да педагогикалық білім беру жүйесін  жаңғырту аясында ЖОО-аралық коллаборативті цифрлы білім беру ортасын қалыптастырудың ынтымақтастық серіктестігінің  моделін  жасау,  жүзеге асыру тетіктерін айқындау мақсатында қазақстандық  ЖОО-ның коллаборативті цифрлы білім беретін зерттеу ортасын қалыптастырудың инновациялық-ақпараттық банк қоры жасақталады;

3) Жаңа «Education in collaboration».kz қазақстандық  педагогикалық білім беру порталы ашылады; «Коллаборативті зерттеудің  ерекшеліктері» онлайн-тест жүргізіледі, нәтижесі математикалық және статистикалық әдістермен өңделеді, сұрыпталады, болашақ педагогтердің цифрлы-құзыреттіліктерінін деңгейлерін анықтау  бойынша  SWOT-талдау жасалынады

4) «Цифрлы оқыту технологиялары» бойынша Менің білетінім және  Менің үйренгенім» тақырыптарына онлайн сауалнама жүргізіледі; болашақ педагогтер, оқытушылармен  «Цифрлы білім беру платформалары» онлайн коучинг ұйымдастырылады;

5) Қазақстандық ЖОО арасында  «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» онлайн конкурс, «Цифрлы оқыту технологиялары» тақырыбында болашақ педагогтерге арналған онлайн курс  ұйымдастырылады;

6) зерттеу нәтижелерін апробациялау мақсатында  Халықаралық  Конгресс  ұйымдастырылады. Зерттеу нәтижелері бойынша Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланады;

7) Қазақстан Республикасы Ғылым мен жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Комитеті ұсынған басылымда 3 (үш) мақала жарық көреді;

8) зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандық баспаларда 1 оқулық, 3 монография, 1 Халықаралық Конгресс материалдары жарық көреді; зерттеу нәтижелерінен алынған жаңа өнімдерге зияткерлік меншік құқығы 5 авторлық куәлікпен қорғалады: монография – 3, электронды оқулық – 1, оқулық – 1.

Жоба нәтижелерінің практикалық маңыздылығы: Қазақстандық ЖОО-ның  ішкі академиялық ұтқырлықтары артады; әрбір ЖОО-ы  қазақстандық өзге ЖОО-ның цифрлы білім беру ресурстарын пайдалануға  кеңінен жол ашылады және  онлайн-курстар, онлайн-сабақтар, онлайн-байқаулар, вебинарлар өткізу арқылы ЖОО профессор-оқытушылары мен болашақ педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік туады; жаңа Қазақстанның  бүгінгі сұранысын қанағаттандыратын  жаһандық бәсекеге қабілетті,  цифрлы-құзыреттілігі қалыптасқан  білікті болашақ педагог  даярланады.

Аталмыш  Жоба аясында  қазақстандық ЖОО-ның  зияткерлік  ресурстарын  бір арнаға  шоғырландыру және  ЖОО-ы  беделді ғалымдары, әдіскерлері бірлесе, қолда бар пәндердің цифрлы оқыту контенттерін  бірлесе, сапалы дайындауға күш біріктіреді.