Ғылыми жоба аясында халықаралық онлайн-байқау ұйымдастырылды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында болашақ педагогтерге арналған «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» атты Халықаралық онлайн-байқауын өткізді.
«Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» атты Халықаралық онлайн байқауына М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері қатысты.
Халықаралық онлайн байқаудың мақсаты – цифрлық-коллаборациялық кеңістікте креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін және шығармашылық әуелетін жетілдіру.
Халықаралық онлайн байқау болашақ педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін жандандыру; болашақ педагогтерді қазіргі заманғы цифрлы білім беру платформаларымен таныстыру және оқу-тәрбие процесіне тиімді ендіру жолдарын меңгерту; болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін арттыру; болашақ педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту; цифрлық білім беру ортасында болашақ педагогтердің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру сынды міндеттерді шеше алды.
«Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» атты Халықаралық онлайн-байқауына қатысқан болашақ педагогтер «ЕDUCAPLAY» платформасы, «ROQED» платформасы, «GENIALLY» платформасы, «FLIPPITY» платформасы, «Learningapps.оrg» платформасы, «Classroom Screen» платформасы, «Classroom платформасы», «Worldwall» платформасы, «Сanva» платформасы, «Learningapps» платформасы және т.б. платформалардың артықшылықтарын аша алды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Асқарбек Асемай «ЕDUCAPLAY» платформасының ерекшеліктерін жан-жақты ашып, 1-орынды иеленді (Ғылыми жетекшісі: Аралбаева Айзат Ғаниқызы).
Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Батенева Яна Андреевна «ROQED» платформасының артықшылықтарын шебер аша алғандықтан жүлделі 1-орынды иеленді (Ғылыми жетекшісі: Шарыпова Надежда Владимировна).
Халықаралық онлайн-байқауында жүлделі 2 орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттері иеленді: Сарыпбек Қымбат «Жасанды интеллект» платформасы және Сұлтан Ұлбике «Learningapps.оrg» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Аралбаева Айзат Ғаниқызы), Биғалиқызы Мадина «GENIALLY» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Сурабалдиева Бахыт Турсыновна), Қазбек Ақмейір «FLIPPITY» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Бупетаева Сауле Жакиповна).
Халықаралық онлайн-байқауында жүлделі 3 орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің және студенттері иеленді: Миятбек Әдеміай «Classroom Screen» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Аралбаева Айзат Ғаниқызы), Жорабекқызы Айғаным «EDUCAPLAY» платформасы, Амангелді Алпамыс «Classroom платформасы», Канапиева Карина «PowerPoint» платформасы, Төреқұл Арайлым және Инкарбек Жанерке «Worldwall» платформасы (Ғылыми жетекшісі: Бупетаева Сауле Жакиповна).
Халықаралық онлайн-байқауында цифрлы платформаны оқыту процесінде тиімді пайдаланудың инновациялық әдістемесін көрсеткен Ж.А.Ташенов атындағы университеттің студенті Ирисдавлетова Гулноза Салохиддиновна (Ғылыми жетекшісі: Қозыкеева Райхан Абильдаевна) жүлделі 3 орынды иеленді.
Үздік деп танылған 28 қатысушының жұмыстары Жоба аясында арнайы ашылған https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталына салынды.
Болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін арттыруды мақсат тұтқан «Ең тиімді цифрлы білім беру платформасы» Халықаралық онлайн-байқауының болашақ педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуда қосқан үлесі қомақты болды.
Клара БУЗАУБАКОВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д.,
Жоба жетекшісі