Басты бет / Жаңалықтар / Ғылыми жоба аясында онлайн коучинг ұйымдастырылды
Ғылыми жоба аясында онлайн коучинг ұйымдастырылды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында болашақ педагогтерге, оқытушыларға арналған «Цифрлы білім беру платформалары» атты онлайн-коучинг өткізді.
«Цифрлы білім беру платформалары» атты Халықаралық онлайн коучингке М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Ж.А. Ташенов атындағы университет және Ресей Федерациясының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің болашақ педагогтері және оқытушылары қатысты.
Онлайн коучинг болашақ педагогтердің заманауи цифрлы білім беру платформаларымен таныстыру, коллаборативті білім беру ортасында болашақ педагогтердің кәсіби цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру, цифрлық-коллаборациялық кеңістікте болашақ педагогтердің цифрлы білім беру платформаларын тиімді меңгеру бойынша цифрлы құзыреттіліктерін жетілдіру сынды міндеттерді шеше алды.
«Цифрлы білім беру платформалары» атты Халықаралық онлайн-коучингке қатысқан болашақ педагогтер және оқытушылар келесідей платформаларының артықшылықтарын ашып көрсетті: «Clideo» платформасы, «Interacty» платформасы «Еducaplay» платформасы, «ROQED» платформасы, «Genially» платформасы, «Flippity» платформасы, «Learningapps.оrg» платформасы, «Classroomscreen» платформасы, «Classroom» платформасы, «Worldwall» платформасы, «Сanva» платформасы, «Learningapps» платформасы, жасанды интеллект және т.б.
Халықаралық онлайн коучинг болашақ педагогтердің цифрлы оқыту технологияларын меңгеруге деген құлшыныстарын арттыруға, және заманауи цифрлы оқыту технологияларын терең меңгерулеріне атсалысты.
Халықаралық онлайн коучингке қатысқан болашақ педагогтер мен оқытушылардың үздік деп танылған жұмыстары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде арнайы ашылған https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталының «Педагогикалық технология» блогына жүктелді: https://edu-collaboration.kz/ru/b-gytt-r/ped-g-gi-lyk-tekhn-l-giya/68-khaly-araly-onlajn-konkurs-video.
Кез келген болашақ педагог кез келген уақытта порталға жүктелген видеоконтенттерді және дидактикалық ресурстармен танысу арқылы өз білімідерін жетілдіріп, цифрлы құзыреттілігін арттыра алады.
Болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін арттыруды мақсат тұтқан «Цифрлы білім беру платформалары» Халықаралық онлайн-коучинг болашақ педагогтердің республикаға танымал ғалымдармен және өздерінің әріптестерімен желілік-ынтымақтастық байланыс орнатуға мүмкіндік берді, сондай-ақ цифрлы ортада оқытушылармен, өз әріптестерімен материалдар алмасу және құру дағдыларын дамытуға; оқу материалын құру және барды бейімдеу үшін цифрлы контенттерді пайдалануға және цифрлық технологияларды шығармашылықпен қолдануға жол ашты.
Клара БУЗАУБАКОВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., Жоба жетекшісі